Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 9/84-VIІ шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5953 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 982 095 432 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 35 382 173 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 10 868 608 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 215 675 мың теңге;
трансферттер түсiмi - 935 628 976 мың теңге;
2) шығындар - 1 025 232 624 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 21 088 244 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 46 342 073 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 25 253 829 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 70 258 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 162 778 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 64 295 694 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 64 295 694 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2021 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:
Бәйдібек ауданының бюджетіне - 34,4 пайыз;
Жетісай ауданының - 44,1 пайыз;