Введите номер документа
Прайс-лист

«Жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер» арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 232 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 27 марта 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2024
Дата последнего изменениясреда, 27 марта 2024

«Жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер» арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 232 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасында (таксономиясында):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономия) (бұдан әрі - таксономия) Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландырылатын және қазіргі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға келеңсіз әсер деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған, осы таксономияға қосымшада келтірілген «жасыл» жобалар санаттарын (сандық және сапалық шекті мәндерді қоса алғанда) сыныптау жүйесін білдіреді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Таксономия мынадай санаттарды қамтиды:

1) жаңартылатын энергия (жел, күн, геотермальды, гидро-, биоэнергия, жаңартылатын энергия көздеріне арналған жеткізілімдер тізбегі және қосалқы инфрақұрылым, сутегі өндірісі);

2) энергия тиімділігі (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіп объектілерінде және агроөнеркәсіптік секторда энергия тиімділігін арттыру, бюджеттік және коммуналдық секторда энергия тиімділігін арттыру, энергиялық тиімді ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар);

3) «жасыл» ғимараттар («жасыл» ғимараттар, ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары, «жасыл» инфрақұрылым);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом