Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 13/65-VII шешімі
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5987 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 82 504 595 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 14 750 593 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 839 894 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 959 139 мың теңге;
трансферттер түсiмі – 56 954 969 мың теңге;
2) шығындар – 110 846 793 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 23 170 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 23 170 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы – -28 365 368 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 28 365 368 мың теңге:
қарыздар түсімі – 36 091 734 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 428 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 701 634 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 74,4 пайыз, облыстық бюджетке 25,6 пайыз;