Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/01 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 29/05 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №50/01 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылдың 8 қазанында № 139 (21890) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 8 қазанында № 160-161 (22 043) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін».»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: