«Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 524 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларында:
2-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі - Оператор) - мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, тауарларды таңбалау және прослеживаемость ету ақпараттық жүйесін әзірлеу, басқару, сүйемелдеу және эксплуатациялық қолдау, оның ішінде Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеу, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын ұйым;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;
2) өнім коды (GTIN);
3) тауарды өндіруші туралы мәліметтер;
4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;
5) аяқ киімнің түрі;
6) тауардың сауда атауы;
7) өнім туралы мәліметтер (бренд, аяқ киімнің түсі, өлшемі, моделі, аяқ киімнің үстіңгі материалы, аяқ киімнің төменгі материалы, аяқ киімнің астары материалы);