«Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-3 шешімі
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5928 болып тiркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: