«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 813 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
708-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«708. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптік қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импорты кезінде инвестициялық жобаны қоспағанда - жоба ТЭН әзірлеу шеңберінде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негізінде жүргізілген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау, ол мыналарды:
жоба Мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестігін бағалауды;
экономикалық талдауды бағалауды;
инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің ағынын талдауды қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 708-1-тармағымен толықтырылсын: