«Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 338 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) цифрлық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;»;
6-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
11-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
20-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: