«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27/302-VI шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104 және 106-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5704, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 283 051 423,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 37 180 691,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 425 790,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 242 444 942,0 мың теңге;
2) шығындар - 284 169 671,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 3 534 100,4 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 14 923 327,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 389 227,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 652 348,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 652 348,5 мың теңге.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: