«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 401 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жұмысты жоспарлау әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын, олардың жасын, жергілікті жердің климаттық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады және оқу, жауынгерлік міндеттерді шешуді ескере отырып, жауынгерлік даярлық (дене шынықтыру дайындығы) бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді және дене шынықтыру дайындығынан сабақтарды:
1) толық оқу бағдарламасы бойынша айналысатын әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін – оқу уақытында аптасына 3 сағат, ал қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша – оқу уақытында аптасына 2 сағат;
2) оқу бөлімдерінің курсанттары үшін – оқу уақытында аптасына 3 сағат;
3) әскери оқу орындарының магистранттары, курсанттары мен кадеттері үшін – оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес бір кредитте кемінде 30 сағат;
4) қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери қызметші әйелдер үшін – қызмет уақытында аптасына 3 сағат.»;
келесі мазмұндағы 12-1-тармағымен толықтырылсын:
«12-1. Апта сайын әскери басқару органында, әскери оқу орнында спорттық жұмыс: