«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 3/қе бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Гаупвахтада:
1) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 131-бабына сәйкес мерзімге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган ұстаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;