«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 99 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 810 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21214 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) 2-қосымшаға сәйкес «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;