«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 411 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі»;
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініші (әрі қарай - өтініш) немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) өтініші ұсынылады»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кондоминиум объектісін тіркеу Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрының ақпараттық жүйесіне жер учаскесін, бастапқы объектілерді және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті қайталама объектілердің сипаттамаларын, сондай-ақ құқық түрі, ортақ меншік нысаны (өзге де заттық құқық) туралы мәліметтерді енгізу және кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшерін автоматты түрде анықтауды сәйкестендіретін тиісті мәліметтер арқылы ұсынылған құжаттар негізінде меншік құқығын растаудан тұрады»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: