Введите номер документа
Прайс-лист

«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 2-қосымша) (2019.30.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 30 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 сентября 2020

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.30.01. № 53 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 558 бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды

 

«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кемелерді Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншік құқығы туралы куәлікті беру, Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемені мемлекеттік қайта тіркеу - 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) кемені Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінен шығару - 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толықтығы алынғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімінің өтіп кеткенін анықтау жағдайында көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты береді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрінде.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом