Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 және «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған жас бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 513 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 704-құжат) қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу; өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»;