«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 181 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 134 бұйрығымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазандағы № 191 (28317)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басымды жоба - мемлекекттік және салалық бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басымдықтарға сәйкес іске асырылатын жоба;