«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 844 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
14-тармақта:
1) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;»;
2) тармақшаның бесінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
15-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: