«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 13 наурыздағы № 110-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық нәтижесінде барлық жеке-дара археологиялық олжаларды қабылдау.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: