«Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-12 бұйрығы
«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бөлім. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы рецептілік бланк - Тізімнің ІІ кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепт жазып беруге арналған бланк;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;
3) науқастың медициналық құжаттары - сырқатнамасы, амбулаториялық картасы, консультациялық тексеріп-қарау жазба парағы;