ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.31.10. № 947 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
4-қосымша
«Тауар таңбасын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.31.10. берілген өзгерістермен)
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 14 (он төрт) ай ішінде, өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде қосымша төлем төленген жағдайда тауар таңбасының өтініміне сараптама белгіленген мерзімдерден бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өткізіледі.
Мерзім:
қызмет алушы тауар таңбасын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа;
қызмет алушы толық сараптаманың алдын ала қорытындысына қарсылық берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне түпкілікті сараптамалық қорытындыға қарсы қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;