Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЕСЕПТІК ТІРКЕУ» МЕМЛЕКЕТТІК...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 31 июля 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 31 июля 2017

Осы редакция 2019 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2017 жылғы 31 шілдедегі

№ 149 қаулысына

3-қосымша

 

 

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жер бойынша, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: микроқаржылық ұйымға оның микроқаржылық ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілгені туралы хабарлау не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш жасаған жағдайда, нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами