Осы редакция 2019 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 549 қаулысына 2-қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.12.09. № 440 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қостанай облысы әкімдігінің 2019.04.01. № 3 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңселері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.12.09. № 440 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)