«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 114 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Іскерлік әдеп кодексі - директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының сақтауы үшін міндетті іскерлік әдептің негізгі құндылықтары мен стандарттарын белгілейтін қағидаттар мен қағидалар жиынтығы;»;
226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«226. Мүдделер қақтығысын болғызбаудың, анықтаудың, бағалаудың және реттеудің негізгі қағидаттары директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Іскерлік әдеп кодексінде бекітіледі.
Іскерлік әдеп кодексі корпоративтік құндылықтарды, әдеп қағидаттары мен мінез-құлық стандарттарын, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ оның ережелерінің сақталмау салдарын айқындайды.
Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтайды.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-параграфпен толықтырылсын:
«23-1-параграф. Іскерлік әдеп және корпоративтік мәдениет
226-1. Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы: