Қостанай облысы әкімдігінің 2019.04.09. № 381 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әкімдіктің
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 376 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 22 Қаулысымен күші жойылды
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.09. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 болып тіркелген) бекітілген Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк, не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық.