Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 «Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 96 шешiмi
ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 «Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1673 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 905 473 439 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 705 960 412 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13 598 098 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 21 359 764 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 164 555 165 мың теңге;
2) шығындар – 942 233 327,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 20 561 238 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 21 638 225 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 21 925 225 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -78 959 351,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 78 959 351,4 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 9 997 224 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс шығындары 6 069 231 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 20 556 873 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Білім беру шығындары 233 925 154,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Денсаулық сақтау шығындары 50 805 407 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: