«Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 14 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 264 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12104 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
2-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын: