«Түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 601 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28082 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілді:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарламалық тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: