«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 293 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерінде:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім беру бағдарламаларының тізілімі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның «Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: