«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 501 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстанда шығарылатын өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Оператор уәкілетті орган мен Оператордың арасында жасалған шарт негізінде қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шот ашады.
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.