«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 37 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) МЖӘ объектілері – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдық, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: