«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 56 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«247. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:
1) бірінші топ - жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемдері және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін ұсыну кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық шығындар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
2) екінші топ - өзге де тұтынушылар - бірінші және үшінші топқа кірмейтін заңды тұлғалар;
3) үшінші топ - бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар.»;
248-тармақ алынып тасталсын;
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«249. Бірінші топ үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

мұндағы:
T1 - бірінші топтың тұтынушылары үшін бір текше метрге сумен жабдықтау және (немесе) үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне бір текше метр тариф, теңге;
T0- бір текше метр үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф, теңге;