«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 86 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 20) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«20) осы бірлескен бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерін қоспағанда), құқық қорғау органдарының объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы;
21) осы бірлескен бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес кәсіби өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы;»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
5-тармақта:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: