Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы
(2015.10.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларында және нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелерді қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын қарастыратын қылмыстық заңдарға енгізілген өзгерістерге және толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы, қаулы етеді:
1. ҚР Жоғарғы Сотының 2015.10.04. № 1 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Жоғарғы Сотының 2015.10.04. № 1 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» (2003 жылғы 11 шілдедегі № 4 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістерімен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар, қылмыстың қайталануын тану кезінде, әрекеттерді бірнеше рет немесе екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған белгілері бойынша дәрежелеу кезінде ескерілмейтіні түсіндірілсін.».
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» (2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістерімен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 17-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: