«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2022 жылғы 12 шілдедегі № 386 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 695 бұйрығына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20), 21)-тармақшалармен толықтырылсын:
«19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Абай облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Жетісу облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ұлытау облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;