«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 618 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:
26-тармаққа өзгерістер орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Әскери қызметшілерді ротациялау әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қағидалардың 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Тікелей бастықтардың қолдауы және аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес екінші мерзімге әскери лауазымдарда болу уақытын ұзартады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамындағы әскери қызметшілерге, оның ішінде қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақтар беру Әскери қызмет өткеру қағидаларының 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.»;
64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: