«Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 1191 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы»;
1) тармақшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: