Введите номер документа
Прайс-лист

«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 252 Қаулысы

Информация о документе
Датасуббота, 4 мая 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 4 мая 2019
Дата последнего изменениясуббота, 4 мая 2019

«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 252 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі»;

реттік нөмірі 4.1-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 6.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 8.2-жол алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 10.1-жол алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі»;

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом