Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 332 қаулысымен бекітілген
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде, сондай - ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт), сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығы негізінде (бұдан әрі - Бұйрық) ұсынылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері:
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында (Бұйрықтың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес) жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).