«Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есеп комитеті:
1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін жүзеге асырады;
2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;
3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған күні (күні, айы, жылы); жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;
2) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте); телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы); электрондық поштасының мекенжайы;
3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі;
4) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі;