«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 277 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»;
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
««Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қой тұқымдарын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қой тұқымдарын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларын;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес өнімділік бағытындағы жылқыларды;
осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес жылқылардың зауыттық тұқымдарын;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес түйелерді;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес құстарды;