«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 90 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) СМАЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, «сұрақ-жауап» режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).
Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидияларды алмаған (мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдаланбаған) жағдайда, ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) өтініші бойынша басқарма басшысы СМАЖ арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактураларды бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.