«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 732 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған мемелекеттік мекемелер жатады.»;
16-тармақта:
45), 46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«45) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, оларға қойылатын талаптар тәртібін әзірлейді;
46) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртібін әзірлейді;
47) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлеу;»;