Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 794 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 21 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 9 октября 2022
Дата последнего изменениясреда, 21 сентября 2022

 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 794 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыраулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 181-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;

2) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;

3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;

4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;

5) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы куәліктің осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;

6) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыптылықты) туралы куәліктің осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом