«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында:
3-бөлім «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар»:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 8. | Жобалық қуаты 300 орыннан көп орта білім беру ұйымдарында үш ауысымды оқитын мектептердің үлесі | Вице-министр Оспан Е. С | Ұлттық білім беру дерекқорының деректері | % | - | - | 1,2 | 0,77 | 0,0 | - | - |
»;
4-бөлім «Ресурстар», мынадай редакцияда жазылсын:
«