«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 112 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының ресми сайты www.kazpatent.kz (бұдан әрі - сараптама ұйымының сайты) немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы беріледі.
Өтінім:
Өтініш берушіні, сондай-ақ оның орналасқан немесе тұратын мекен-жайы көрсетілген сараптама жасау өтінішін;
берілетін белгі;
ТКҚХС-на сәйкес тауарлар және (немесе) қызметтер тізімін қамтуға тиіс.
Өтінімге:
сараптама жасау бойынша қызметі үшін төлемді растайтын құжат көшірмесі;
іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;