«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 және «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 476 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16496 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының қағидаларында және мерзімдерінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: