«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 46/қе бұйрығы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11509 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
«1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру» осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру», осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;