«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 19 наурыздағы № 121-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Құжаттардың құндылығына сараптама қағаз жеткізгіштегі құжаттар мен электрондық құжаттар үшін кешенді түрде жүргізіледі.»;
31-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) сақталатын құжаттардың істер тізімдемесі;
6) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) сақталатын электрондық құжаттардың (істердің) тізімдемесі;»;
41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Тұрақты, уақытша, ұзақ мерзімді сақталатын, жеке құрам бойынша істер, құжаттар, оның ішінде электрондық құжаттар (істер) тізімдемелеріне және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерге әр архив қоры шегінде жеке реттік нөмірлер беріледі.»;
46-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: