Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 25-153 шешімі
Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204625 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 499 832 429 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 53 041 533 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 2 490 157 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 444 283 739 мың теңге;
2) шығындар 509 561 519 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 20 454 120 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 30 209 814 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 9 755 694 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 75 895 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 75 895 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 30 259 105 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
30 259 105 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 18 306 754 мың теңге;
қарыздарды өтеу 5 355 571 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 17 307 922 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 15, 16-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«15. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте қоршаған ортаны қорғау және объектілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге 1 021 612 мың теңге сомасында көзделсін.