«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 423 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде*:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Алматы облысында - Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін - Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін - Ақсу ауданы, Алматы қаласының Бостандық ауданы;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: